Трансформациялаудың басты мақсаты бизнес тиімділігін арттыру, соның арқасында
компанияның құнын ұлғайту болып табылады. Біздің міндетіміз - жобаны іске
асыру барысы туралы сіздерді үнемі егжей-тегжейлі түрде хабардар етіп отыру.

Тарихы

«Самұрық-Қазына» АҚ компаниялар тобы трансформациясын ресми бастауға Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев 2014 жылдың 6 қазанында жол берді. Трансформация бағдарламасы – бұл Қор мен бақыланатын портфельді компаниялар қызметінің ауқымды өзгерістерінің бағдарламасы.

01.png

Бағдарлама үш бағытты қамтиды: портфельді компаниялар құнын арттыру, портфель құрылымын және Қордың инвестициялық қызметті жүргізу, Қорды және оның портфельді компанияларды басқару жүйесіндегі өкілеттіктерді және жауапкершілікті қайта бөлу әдісін өзгерту. Бағдарламаны жүзеге асыру Қордың өзінің, оның портфельді компанияларының қызметінде, сондай-ақ Қор жұмысына қатысатын мемлекеттік органдармен қарым-қатынас механизмдерінде айтарлықтай өзгерістерді талап етеді. «ҚазМұнайГаз» ұлттық компаниясы Трансформация бағдарламасына 2015 жылы кірді. Бағдарлама ҚМГ компаниялар тобының бизнес тиімділігін көтеруге, солайша компания құнын арттыруға бағытталған.

Трансформация – өндіруден бастап бөлшектік сатуға дейінгі процестерді қамтитын вертикалды біріктірілген холдингті толықтай қамтитын жүйелік шаралар, бастамалар мен процестер кешені. Басты екпін бизнес-процестер тиімділігін көтеруге, оларды оңайлатуға, шешімдер қабылдау, компанияның күрделі нарықтық жағдайларға бейімделу жылдамдығын арттыруға бағытталған.

Трансформация периметріне ҚМГ-нің келесі еншілес және тәуелді компаниялары кірген: «ҚазМұнайГаз» Барлау Өндіру» АҚ, «ҚазТрансОйл» АҚ, «ҚазТрансГаз» АҚ, «ҚазМұнайГаз – өңдеу және маркетинг» АҚ, «Қазақтеңізкөлікфлоты» ҰТКҚК» АҚ, «АқтауМұнайСервис» ЖШС, «ҚазМұнайГаз» өндіру және бұрғылау технологиялары ҒЗМ» ЖШС және т.б. Трансформацияны практикалық іске асыру «ҚМГ Глобал Солюшнс» компаниясына жүктелген. Оның ұжымына ағымдағы жұмысынан толық босатылу шартымен «ҚазМұнайГаз» компаниялар тобының ең үздік мамандары, сондай-ақ трансформацияны қосқанда ірі халықаралық мұнай-газ жобаларында қатысу тәжірибесі бар сарапшылар кіреді.