Трансформациялаудың басты мақсаты бизнес тиімділігін арттыру, соның арқасында
компанияның құнын ұлғайту болып табылады. Біздің міндетіміз - жобаны іске
асыру барысы туралы сіздерді үнемі егжей-тегжейлі түрде хабардар етіп отыру.

Бағыттар

Трансформация бағдарламасы «Самұрық-Қазынаның» трансформация бойынша орталық командасы әзірлеген Әдіснама аясында жүргізіледі.

Орнықты трансформация негізінде үш басты бағыт бойынша қатар жұмыс жатыр:

  • Процестер – компания қызметін сипаттайтын бірыңғай, ашық, стандартталған процестік модель қалыптастыру;
  • Адамдар – адамдардың жаңа міндеттерді орындауға қажетті машықтары мен біліктіліктерін талдау және көтеру;
  • Технологиялар – қызмет процестерін автоматтандыруға алғышарттарды анықтау.

01.png

Сондай-ақ «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ «жылдам жеңістер» деп аталатын шұғыл бастамалар қатарын жүзеге асырады. Бұлар –жылдам нәтиже беруі мүмкін жобалар. ҚМГ Трансформация бағдарламасы аясында 30-дан астам «жылдам жеңістер» жоспарланған.

Олардың ішінде – сатып алу жүйелерін жетілдіру саласындағы жоба, референсті модельдер дайындау, 2025 жылға дейінгі ҚМГ стратегиясын жаңарту, компания құнын құру және ҚНК декомпозициясы моделін және ағашын дайындау, лауазымдарды HAY әдісі бойынша бағалау, Сорғы жабдығы жұмысын оңтайландыру бағдарламасы, Сандық кен орны тұжырымдамасын, бөлек сервиспен бұрғылауды енгізу, мұнай кәсіпшілігі жабдықтарын жөндеу процестерін, ұңғымаларды ағымдық және күрделі жөндеуді диагностикалау мен оңтайландыру, көлікпен қамту процестерін оңтайландыру және қайта құрылымдау, Мұнай сервисі активтері бойынша блок құру.