Трансформациялаудың басты мақсаты бизнес тиімділігін арттыру, соның арқасында
компанияның құнын ұлғайту болып табылады. Біздің міндетіміз - жобаны іске
асыру барысы туралы сіздерді үнемі егжей-тегжейлі түрде хабардар етіп отыру.

Іске асыру кезеңдері

2015 жылдың қаңтары мен тамызы аралығында «ҚазМұнайГаз» трансформацияның «0 кезеңінен» өтті, оның аясында «ҚМГ Глобал Солюшнсте» команда жасақталып, оқытылды, белгілеу құжаттары дайындалды.

Қазіргі уақытта Бағдарлама «Диагностика және дизайн» атты «1-кезеңде». Команда сарапшылары қазіргі бизнес-процестерді талдап, және қызметтің жаңа нысаналы моделі мен ҚМГ кәсіпорындарындағы мақсатты процестерді қалыптастыруда.

Содан кейін «Жоспарлау»  атты «2-кезең»- және «Іске асыру» атты «3-кезең»  жоспарланып отыр.