Трансформациялаудың басты мақсаты бизнес тиімділігін арттыру, соның арқасында
компанияның құнын ұлғайту болып табылады. Біздің міндетіміз - жобаны іске
асыру барысы туралы сіздерді үнемі егжей-тегжейлі түрде хабардар етіп отыру.

Мансап

ҚМГ Глобал Солюшнс Б.В. командасы халықаралық тәжірибесі бар мамандар мен ҚМГ компаниялар тобының тиімділігі жоғары қызметкерлерін бизнес-процестер трансформациясы бойынша бірлесіп шешімдер қабылдау үшін тарту қағидасы бойынша жасақталған.

Қазіргі таңда «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ қызметкерлері, «ҚазМұнайГаз БӨ» АҚ, «ҚазТрансГаз» АҚ, «ҚМГ өңдеу және маркетинг» АҚ компаниялар тобы қызметкерлері тартылған.

Қызметкерлерді бағалау рәсіміне қызметкерлердің жобалық кеңседе жұмыс істеуі үшін қажетті қабілеті мен жеке біліктілігін бағалау кірді.