Трансформациялаудың басты мақсаты бизнес тиімділігін арттыру, соның арқасында
компанияның құнын ұлғайту болып табылады. Біздің міндетіміз - жобаны іске
асыру барысы туралы сіздерді үнемі егжей-тегжейлі түрде хабардар етіп отыру.

Сұрақ-Жауап

ҚМГ тобында шығындарды оңтайландыру және құрылымдық қайта ұйымдастыру жобаларын іске асыру бойынша бірнеше рет әрекет жасалды. Қазіргі Трансформациялау бағдарламасы немен ерекшеленеді?

Қазіргі трансформациялау ерекшелігі – жүйелі, өзара байланысқан, кешенді әдісті қолдану. Ерекше назар ҚМГ корпоративтік орталығы мен еншілес ұйымдарды біріктіру мен олардың айқын өзара байланысына аударылады. Компанияның өндірістік тәжірибесі негізінде жүйелік жетілдіру жүргізіледі. Мұнай-газ компанияларының әлемдік қауымдастығымен білім, технологиялар мен әдістер жағынан мықты ықпалдасуы қамтамасыз етіледі. Қазіргі басқару жүйесі өзгереді, перспективалық операциялық модель құрылуда. Ұйымдастыру құрылымдарының бірізділігі, бизнес-процестер реинжинирингі жүзеге асырылуда. Басты назар қызмет түрлері бойынша барлық бизнес-бағыттардың мамандануына аударылады.

Тағы бір маңызды бағыт – ұйымдастырушылық әлеуетті ілгерілету. ҚМГ қызметкерлерін жаңа дағдылар алуға және ұдайы шыңдалуға бағдарлау.

Трансформация қызметкерлерді азайтуға емес, ҚМГ тобы компанияларының тиімділігін арттыруға бағытталғанын ескерген жөн. Дағдарыс жағдайында трансформация аясында жоспарланған өзгерістер керісінше адамдарға жұмыс орындарын сақтап қалуға мүмкіндік береді, себебі жұмыс істеп жатқан кен орындары жабылмайтын болады. Бұл кен орындарында озық технологияларды енгізу, өндірісті қайта ұйымдастыру, мамандарды қайта бағдарлау арқасында өндірудің жоғары тиімділігі, рентабельділік және перспективада – өндіру көлемдерін арттыру қамтамасыз етіледі. Осылайша трансформация мұнайшылардың тек қазіргі емес, келешек ұрпақтарын да жұмыспен қамтиды. Жалпы, қазіргі жағдайда трансформация – көптеген мұнай-газ компанияларын сақтап қалу мәселесі.

Трансформация бағдарламасы үшін жеке жауапкершілікті кім көтереді?

Трансформацияны іске асыру жауапкершілігі тікелей ҚМГ Басқармасы төрағасы мен трансформация командасына жүктеледі. Бизнес-бағыттың әрбір басшысы басты шешімдер қабылданатын басқарушы комитетті басқарады. Содан кейін бұл шешімдер – құрамына ҚМГ Басқармасының мүшелері мен ҚМГ ГС бсшылығы кіретін трансформация бойынша басқаруы органы – «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ Жаңғырту кеңесінде бекітіледі.

Неге трансформация мұнай бағасы жоғары болғанда жүргізілмей, мемлекеттік қаражатты жаппай үнемдеу жағдайында қазір жүргізіліп жатыр?

Әлемдік мұнай нарығында жағдайдың нашарлауы көбірек тексерілген және сауатты шешімдерді талап етеді. Қазір «ҚазМұнайГазға» сыртқы сын-тегеуріндерге бұрынғыдан әлдеқайда жылдам бейімделу маңызды. Мұнай бағасы жоғары болған кезде ешкім шығындарды азайтып, өнімділікті арттыру туралы ойламаған. Өзгерістер қажеттілігі тиімділік туралы ойлау керек қажет болған кезде келеді. Бұл жағынан дағдарыс – белгілі бір «мүмкіндіктер терезесі». Трансформация нәтижесінде компания мықтырақ болады. Бүгін «ҚазМұнайГазда» 1 миллиард тоннадан астам жақсы ресурстық база бар . Сонымен қатар ҚМГ кен орындарының көпшілігі өндіру көлемі азайған «браунфилд» (ескірген) санатына жатады. Мұндай игерукезеңінде операциялық шығындарды және капиталдық салымдарды оңтайландыру, қабаттардың мұнай беруін арттырудың қосымша тиімді әдістерін қолдану туралы мәселелер туындайды. Жоғарыда аталғандардың бәрі «ҚазМұнайГазды» реформалау қажеттілігіне әкеп соқтырады. Трансформация – бұл компанияны жетілдірудің қисынды жалғасы. Міндет барлық жақсыны сақтап, бар озық заттарды енгізіп, компанияны жаңа деңгейге шығаруда.

ҚМГ трансформациялау бағдарламасының Самұрық-Қазына бағдарламасымен үйлесу деңгейі қандай?

ҚМГ трансформациялау бағдарламасы – «Самұрық-Қазына» АҚ бірыңғай бағдарламасының бір бөлігі. ҚМГ ГС «Самұрық-Қазынада» дайындалған әдістеме бойынша Трансформацияның орталық командасының (СТТ) белсенді қолдауымен жұмыс істейді. Қазір біріккен бастамалар, параллельді жобалар, сонымен қатар кадрлық резерв, ашық жалдау, сатып алу қағидаларын жетілдіру, референстік модельдерді әзірлеу бар. Қордың трансформациялау командасымен ақпараттық технологиялар саласында біріккен жобалар жоспарланып отыр. Мысалы, деректерді өңдеу орталықтарын, АТ бойынша ортақ қызмет көрсету орталығын (АТ-фабрика, бағдарламалық жасақтаманы бірыңғай сатып алу) құру. Барлық бұл шаралар сапаны айтарлықтай көтеруге, иеленудің жиынтық құнын азайта отырып, АТ-қызметтерін және АТ-өнімдерін басқаруға мүмкіндік береді. Сонымен қатар, референстік модельдер құру барысында стандартталған процестерге, ҚНК, ұйымдастырушылық қамтамасыз етуге қоса осы модельдер құрамына кіретін бизнес-функциялар бойынша біріздендірілген АТ-шешімдерін бірлесіп анықтау жоспарланып отыр және бұлар олардың құрамында ҚМГ-де де, басқа ұлттық компанияларда да таратылатын болады.

АТ-да бұл әдісті табысты түрде қалыптастыру және іске асыру үшін Қордың Орталық трансформациялау командасы мен ҚМГ ГС Трансформациялау командасы бірлесіп жұмыс істеуде.